//
Бауыржан Омарбеков Жаңалықтар 

Ордабасы ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ордабасы ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Конкурпен іріктеу негізінде бұл лауазымды енді Ордабасы ауданы әкімінің өкімімен Бауыржан Омарбеков атқарады.

Бауыржан Омарбеков
Бауыржан Омарбеков

Бауыржан Бақытұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі экономист, экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Шымкент филиалының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған.

2006-2016 жылдары «Қазкоммерцбанк», «Банк Тұран Әлем», «Альянс Банк» акционерлік қоғамдарында менеджер, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы және филиал директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің кеңесшісі болып еңбек етіп келді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz