//
Жаңалықтар 

Шымкенттегі баспанаға 1746 адам электронды құжат тапсырды

Шымкентте «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша құжат қабылдау науқаны 22 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы тілшілерге қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева мәлім етті.

ГульнарБөлім басшысының айтуынша, бүгінге дейін 1746 азамат электронды порталмен компания арқылы берілетін үйлерге өтініш білдірген. Құжат тапсырғандардың 1500-ге жуығы мемлекеттік қызметкер болса, қалғаны – көп балалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылар.

Жалпы, халыққа тапсырылатын баспаналар 2 бағыт бойынша үлестірілетін болады. Бірінші лекте тиісті 900 адам баспаналы болады. Бірінші бағыт бойынша жасы 35-ке дейінгі, некеде кемі 3 жыл болған отбасылар пәтер алса, басқа да санаттар бойынша кезекке тұрғандар екінші бағытқа топтастырылады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz