//
Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті Жаңалықтар 

Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті

Облыс әкімінің тапсырмасына орай қала әкімдігінің мәжіліс залында Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті.

Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті

Жиында құқық қорғау органдары саласының басшылары Шымкент қаласындағы жұртшылық көп шоғырланған орындардағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндама жасады. Әрі, айтқан жерден аулақ, көпшілікті қандай да бір террористік іс-қимыл болған жағдайда дер кезінде полиция қызметіне хабарлауға шақырды.

Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті

– Терроризмге қарсы күрес тек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ғана міндеті емес. Бұл дерт барша тұрғынның жұмыла күресуімен ғана жойылмақ. Сондықтан өз ортамызда біздің амандығымызға жауапты қызметкерлермен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет, – деді Рашид Аюпов.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 701 қоғамдық-әлеуметтік нысан бар. Осы аумақтардағы  тұрғындардың қауіпсіздік мәселесін тиісті құқық қорғау органдары өз қорғауына алған. Сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы арнайы бағдарлама шеңберінде осы орындарда терроризмге қарсы күрес жайлы бейне түсірілімдер көрсетіліп, түсіндіру мәтіндері ілінген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz