Қалалық төтенше жағдай басқармасына жаңа басшы келді

451
Қалалық төтенше жағдай басқармасына жаңа басшы келді

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы ауысты. Бұл лауазымға азаматтық қорғау подполковнигі Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлы тағайындалды.

Қалалық төтенше жағдай басқармасына жаңа басшы келді

Жаңа басшы 1979 жылы Сырдария облысы, Гүлістан ауданы, Крестьянское ауылында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасының өрт қауіпсіздігі органдарында 5 жыл қызмет атқарып, ішкі істер басқармасы өрт қауіпсіздігі басқармасының өрт сөндіру штабы тобының бастығы лауазымында аяқтады.

2004 жылы Қазақстанға оралып, қызметін ОҚО мемлекеттік өртке қарсы қызметі бас басқармасының №23 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің инспекторы болып қайта бастаған. 2014 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасындағы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарған.