Кентауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды арбаға қол жеткізді

317
Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат күн сәулесімен жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді. Бұл игі іс қала әкімдігі мен халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр.

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Қайырымдылық шарасына қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ вице-президенті Мустафа Нурсай мен Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Аталған электронды арба қолмен емес, көлік секілді басқарылады. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның бағасы – 800 АҚШ доллары.

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді