Мақтааралда 34 адам ұсталды

245
Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алды

Оңтүстіктің полицейлері 34 адамды ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алдыМақтаарал ауданының Мұратбаев ауылында белгісіз біреулер құрылыс дүкенінің есігін өртеп жіберген. Осы іске қатысты деген күдікпен Асықата ауылының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Мұнымен қоса белгісіз адамдар Диқан ауылында да екі үйді өртепті. Соның салдарынан үйдің алдында тұрған «Газель» көлігі жанған.

Қазір полицейлер осы іске қатысы барларды іздестіріп жатыр. Ішкі істер министрлігінде жедел штаб құрылып, ауылға ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов пен облыс әкімі барды.

Тексеру барысында Мақтаарал ауданының 34 тұрғыны ұсталды. Олардан 7 таяқ және бензині бар 5 литрлік құты тәркіленген. Еске салайық, бір күн бұрын Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында бұзақылық тіркелген еді. Мұны ішкі істер департаментінің басшылығы «ауыл тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдік себеп болған» деп отыр.