//
Оқыс оқиға 

Сарыағашта екі қарақшылық шабуыл жасалды

ОҚО полицейлері Сарыағаш ауданында бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған екі адамды ұстады. 21 шілде күні Сарыағаш АІІБ-на кезекші бөліміне 1983 жылы туған жергілікті тұрғынның жылыжайына қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 179 бабы «Қарақшылық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағаны, түнгі уақытта бетперде киген және қаруланған белгісіз біреулер жәбірленушінің шаруашылық алқабына баса-көктеп кіріп, жұмысшыларға физикалық күш қолданып және қарумен қорқытып, ұялы телефондары мен екі қойын тартып алған. Содан соң БМВ автокөлігіне мініп, кетіп қалыпты. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 200 мың теңгеден астам шығын келген.

Арада біршама уақыт өткен соң полицияға Жетісай-Жібек жолы тасжолындағы жанар-жағармай бекетінің қызметкерлеріне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мұнда да бетперде киген және қаруланған белгісіз адамдардың баса-көктеп кіріп, қызметкерлерді қарумен қорқытып, ұялы телефондары мен кассадағы 100 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткенін анықтайды.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру барысында күдікті ретінде 1986 және 1988 жылы туған жергілікті тұрғындарды ұстады. Тергеу барысында олардың бірінің бұған дейін сотты болғаны анықталды. Күдіктілерден табылған травматикалық қару мен автокөлік айғақ зат ретінде тәркіледі.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің екі бабымен, 192 (қарақшылық) және 287-бапқа сәйкес (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) іс қозғалды. Күдіктілер қамауда.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылға қатысы бар басқа да күдіктілерді іздестіруде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz