Шымкентте өз-өзін өртеген әйел көз жұмды

238
Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел ауруханада көз жұмды. Қалалық №6 клиникалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі Мұхит Достыбаевтың айтуынша, 45 жастағы Д есімді азаматшаны жедел жәрдем қызметі ауруханаға 8 тамыз күні түс уақытында жеткізген.

Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды– Түскенде науқастың денесінің біраз бөлігін күйік шалған, жағдайы ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқас 9 тамыз күні кешкі сағат 18 шамасында қайтыс болды, – деді дәрігер.

Оның сөзінше, марқұмның денесін туыстары алып кеткен. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 45 жастағы Шымкент тұрғыны өз-өзін 8 тамыз күні түсте Абай саябағының маңында өртеген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің үстіндегі өртті өшіріп, жедел жәрдем шақыртқан. Денесін күйік шалған әйел аурузанаға жатқызылған. Полицияның мәліметінше, әйел өзін үстіне бензинге ұқсас жанғыш сұйықтық құйып өртепті.