//
Тар аулаға көлік тұрағы салына ма Жаңалықтар 

Тар аулаға көлік тұрағы салына ма

Шымкенттік тұрғындар үй ауласындағы бір телім жерді қорғап, шу шығарды. Төлеген Айбергенов көшесіндегі көп қабатты үй тұрғындары көшеге шығып, тар аулаға салынғалы жатқан автотұрақ құрылысына қарсылық білдірді. Онсыз да тар аулада тамаша болатындарын алға тартқан ағайын әкімдіктің шешіміне үзілді-кесілді қарсы шықты.

Тар аулаға көлік тұрағы салына ма

Айбергенов көшесіндегі 5 қабаты үйдегі пәтерлердің басым бөлігі сағатқа не тәулікке жалға беріледі дейді тұрғындар. Бұған дейін осы келеңсіздікпен алысып келген тұрғындар енді үй артына салынатын автотұрақты естіп, ашу-ызаға булықты. Әкімдік қызметкерлерінің жұмысына көңілдері толмайтынын жайып салды.

Қаршыға Рысбекова, тұрғын. “Енді қайтеміз? Мынау “суточный” пәтерге келгендер көліктерін осында қойып, тынышымызды алатын болды. Онсыз да оңып отырғанымыз шамалы, ауламыз туралы әкімдікке айта-айта жексұрын болдық.”

Тар аулаға көлік тұрағы салына ма

Дау шығарған көпшілікпен кездесуге келген әкімдік қызметкерлері тұрғындарды тыныштандыруға тырысты. Айтуларынша, салынып жатқан автотұрақ балабақшаға тиесілі болады екен. Ал бұл тұрғындардың бұған дейін жазған арыздары қаралып, жуырда мәселелері шешіледі деп жеткізді.

Жақын күндері аулаларында абаттандыру жұмыстарының жүргізілетінін естіген көпшілік қуанып қалды. Десе де автотұрақ құрылысына келісім бермейтіндерін ашып айтты. Әкімдік өтініштеріне құлақ түрмесе, “Нұр Отан” партиясына әділдік іздеп барамыз деп отыр.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz