//
Ескі коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу басталды Жаңалықтар 

Ескі коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу басталды

Шымкенттегі Оңтүстік шағынауданындағы көлемі 900 мм кәріз коллекторының үстіне салынған нысандар бұзулы тиіс. Су арнасы мамандардың бұл шешімі сотпен нақтыланып, іске асыру сот орындаушыларына жүктелген. Олар өз кезегінде тұрғындардан баспаналарын бұзуды талап етіп отыр. Қазір жұмыстар басталып кетті.

Ескі коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу басталды

Алайда, тұрғындар күрделіліктерге кезікті. Еске сала кетсек, қаңтар айында кәріз коллекторы жарылып, осындағы екі баспанаға айтарлықтай қауіп төнген болатын. “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС бір шақырымға жуық құбырды өзге үйлерге қауіп төнбейтіндей етіп, жаңа жүйе тартты.

Ескі коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу басталды

Қыс бойы қолқаны қабатын шайында судың иісінен мезі болған Мәдәлиевтер отбасы енді өздері әупірімдеп тұрғызған баспаналарын бұзумен әлек. Сот орындаушылары тарапынан жасалған талап жүйкемізді тоздырды дейді. Мәдәлиевтерден бөлек мұнда кәріз коллекторының үстіне орналасқан бір үй толығымен, бір отбасының шарбағы мен бастырмасы бұзылады. Баспаналарының бұзылғаны былай тұрсын, сот орындаушылардың еңбекақысын да осы тұрғындар өтейді екен.

Ескі коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу басталды

Сала мамандарының айтуынша, ескі кәріз коллекторының үстінде 210 нысан бар екен. “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС соның 70 пайызына қатысты соттың шешімі шыққан дейді. Жаңа жүйе жүргізген мекеме ескі кәріз коллекторын да болашақта пайдалануды жоспарлапты. Бұл құбырдың индустриалды аймақ үшін маңызы ерекше дейді мамандар.

Енді үйлері не қора-қопсылары бұзылатын жерлестеріміз кімнен жәрдем сұрарын білмей отыр. Қаңтар айында жергілікті билік жаңа кәріз жүйелері салынды, енді үйлер бұзылмайды деп мәлімдеген еді. Көпшілік “Нұр Отан” партиясы мен өздері сайлаған депутаттарға да барыпты.

Әзірге жергілікті билік ескірген коллектордың үстіне үй салған тұрғындарға қандай жәрдем беретіні жайында қандай да бір түсінік берген жоқ. Айта кететін тағы бір мәселе – бұл нысандардың көпшілігі Кеңес дәуірі кезінде тұрғызылған. Осы уақытқа дейін не билік, не құбыр иелерінің бұл мәселені көтермегені түсініксіз болып отыр.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz