Күнгейде бақылау кассаларын қажетсінбеген кәсіпкерлер айыппұл төлеуде

312
Назерке Нұрбергенова

Назерке Нұрбергенова – жеке кәсіпер. Қарамағында 10 еңбеккер қызмет етеді. Сауда нүктесін өзінің жіті бақылауына алған бойжеткен кассасын да өзі басқаратын болған. Мұнысын ол тұынушының талғамын ескеруі және қазір салық төлеудің өзі тиімді болуымен түсіндірді.

Назерке Нұрбергенова
Назерке Нұрбергенова

Назерке Нұрбергенова, жеке кәсіпкер: «1,5 жылдан бері бақылау кассасын орнаттым. Қазір өзіме өте тиімді. Әсіресе, менің есеп айырысқаным сол мезетте салық басқармасына тіркеледі. Сол жақтан салықтың төлемін де дұрыс көріп отырады. Бұл маған да жақсы, пайдалы. Тұтынушыларымыздың қатары артты, қолына өнімнің түбіртегін ұстатамыз, клиенттер өнімнің сапасына сенімі қалыптасады, бір жағынан кепіл!»

Бүгінде күнгейде барлығы 3415 коммерциялық кәсіпорын болса, оның 2475, яғни 72 пайызында бақылау кассалары онлайн жүйесіне орнатылған. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек дүкендері мен жанар-жағармай құю бекеттері бар. Ал қалғандарына түсіндіру-ескерту шаралары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың мәліметінше, қазір табыс көлемін жасырып, салықтан жалтарушы кәсіпорындардың қатары артқан, бірақ талапқа бағынбағандар енді заң алдында жауапқа тартылады.

Әлібек Лесов
Әлібек Лесов

Әлібек Лесов, ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс басқармасының бөлім басшысы: «Бақылау кассаларының талаптарын шағын бизнес өкілдері бұзған жағдайда, 15 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Биыл бюджетте белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2121 теңге болса, соған сәйкес 31 815 теңгеге тең болады. Орта бизнес өкілдеріне 30 айлық көрсеткіш, теңгеге шаққан кезде 63 630 теңге болады. Ал ірі бизнес өкілдері 50 айлық есептік көрсеткіш, мұны теңгеге шаққанымызда 106 мыңнан астам теңгені құрайды. Олар осы көлемдегі айыппұлды төлеуге міндеттеледі».

Сондай-ақ, бақылау кассаларын орнатуға міндетті емес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер де бар екен. Олардың қатарында жолаушылар тасымалдаушы қоғамдық көліктер мен ұлтық банктің ақшалай есеп-айырысу пункттері, қарамағында еңбеккерлері жоқ кәсіпорын ретінде тіркелген тұлғалар бар. Айта өтетін ақпар, соңғы 5 жылдың ішінде аталған бақылау кассаларының көмегімен кәсіпкердің пайдасы есептеліп, күнгейде салық төлемінің құны екі есеге артқан.