Өңірдегі жылу беру жұмысы облыс әкімінің назарында болады

285
Өңірдегі жылу беру жұмысы облыс әкімінің назарында болады

Оңтүстіктегі жылу беру жұмыстары облыс әкімінің назарында болады. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Таяуда Жансейіт Түймебаев бірқатар сала басшыларымен бірлесе Шымкенттегі жылу беру қазандықтарын аралап көріп, жұмыс істеу жүйесімен танысты. Алдымен өңір басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан, қуаттылығы 160 Гкал болатын қазандықтың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде аталған жылу беру орталығы арқылы 24 көп қабатты тұрғын үй мен  6 бюджеттік мекеме биылғы 17 қазаннан бастап орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіле бастады.

Өңірдегі жылу беру жұмысы облыс әкімінің назарында болады

Өткен жылы іске қосылған бұл қазандықтың бүгінде өз қуаттылығымен жұмыс істемей отырғанын алға тартқан қала әкімдігінің жетекшілігі облыс әкімінен осы маңдағы үйлерге қосымша жылу құбырларын тарту үшін бюджеттен қаржы қарастыруды сұрап, тағы осы іспеттес қазандық салу қажеттігі туралы ұсынысын жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімі қаланың жылу беру жүйесін тиімді ететін арнайы сызба әзірлеуді тапсырып, жаңа қазандық салу бойынша ұсынысты келер жылдың бюджеті арқылы шешуді жүктеді.

Өңірдегі жылу беру жұмысы облыс әкімінің назарында болады

Аймақ басшысы сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған ұзындығы 6,5 шақырым болатын магистралды жылу жүйесін қайта құру жұмысымен танысты. Бүгінде 6 шақырымы біткен құбырдың құрылысын пысықтаған әкім жұмыстарды 20 қазанға дейін аяқтауды міндеттеді.

Мұнан соң облыс әкімі бастаған жұмысшы топ «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. 1998 жылдан бастап халыққа қызмет етіп келе жатқан бұл орталық 2008 жылдан бастап қаланың оңтүстік бөлігін жылумен және жылу сумен қамтамасыз ете бастаған. Оорталық, сондай-ақ, қала тұрғындарын электр қуатымен қамтып отыр. Мұнда жаз айларында 70-85 МВт өндірсе, қыс мезгілінде 135-140 МВт өндіреді. Өңірдің электр қуатына қажеттілігі жазда 300-350 МВт болса, қыста 400-450 МВт-ті қажет етеді. Ал қалған қажетті электр қуатының 60 пайызын сырттан келетінін ескерген өңір басшысы облыста электр энергиясын өндіретін жаңа газ турбинасын салу бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Өңірдегі жылу беру жұмысы облыс әкімінің назарында болады

Жылу жүйесінің дайындық барысын пысықтаған облыс әкімі сапар барысының қорытындысы бойынша бірқатар сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың қазанның соңына дейін жылумен қамтылуын міндеттеді.