//
ОҚО әкімі түрік кәсіпкерлерімен кездесті Жаңалықтар 

ОҚО әкімі түрік кәсіпкерлерімен кездесті

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «Эксперт пейзаж» компаниясының жетекшісі Билал Тарик Дедемен кездесті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен аталған түрік компаниясының өкілі Алабажак Чинан қатысты.

ОҚО әкімі түрік кәсіпкерлерімен кездесті

Кездесуде тараптар бауырлас елдердің түрлі салалардағы ынтымақтастық жұмыстарын сөз етіп, алдағы уақытта да бұл үрдістен жаңылмауға уағдаласты. Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетімен танысқан қонақтар облыс жетекшілігіне абаттандыру жұмыстарымен айналысатын «Эксперт пейзаж» компаниясының ландшафтты дизайн қызметін ұсынды.

Өз кезегінде өңір басшысы аталған ұсынысты оң қабылдап, компанияның қызметін облыстағы көріктендіру жұмыстарына пайдалану үшін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасына туризмді дамыту бағыты бойынша тиісті ұсыныс енгізуді жүктеді.

Айта кетейік, «Эксперт пейзаж» компаниясы – Түркияның Анталия қаласындағы абаттандыру жұмыстарының 40 пайызын жасап келе жатқан белді серіктестік.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz