//
Сарыағаштың мүгедектері мемлекеттік көмектен қағылып жүр ме Жаңалықтар 

Сарыағаштың мүгедектері мемлекеттік көмектен қағылып жүр ме

“Мемлекеттен тегін берілуі тиіс көмектен қағылып отырмыз!” Сарығаштың мүмкіндігі шектеулі тұрғындары осылай деп шағымдануда. Айтуларынша, жөргектер уақытылы берілмейді, одан қалса, сапасы нашар болғандықтан, өздері басқасын сатып алуға мәжбүр. Ашынған бір топ мүгедек шағым айтып, әкімдіктен бастап талай табалдырықты тоздырдық дейді. Енді тілшілерден көмек сұрап отыр.

Сарыағаштың мүгедектері мемлекеттік көмектен қағылып жүр ме

Мысалы, Мұрат Әсілметов бір жылдан бері мүгедек баласына тегін берілетін көмекті ала алмай келемін дейді. Ал жауапты мамандар тегін берілетін дүниені таратуға әлі асықпай отыр деп ашулы.

Мұрат Асылметов: “Балам туғаннан мүгедек. Былтыр, 2015 жылы құжат бойынша тегін жөргекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ әлі күнге мені ертеңмен шығарып салады. Осы уақытқа дейін өзім сатып алып отырдым, қазір жағдайым келмей қалды. Қазір балам 11 жаста, бірде-бір адам келіп, хабар алып, немесе сабақ өтетін мұғалімдерін де көрген емеспін…”

Сарыағаштың мүгедектері мемлекеттік көмектен қағылып жүр ме

Онсыз да жүріп-тұруы қиын азаматтар қоғамдық көлік жүрмейтін ауданда әдеттегі таксиге мінуге мәжбүр, ал оған көпшілігінің қаржылары жоқ. “Инва-такси” дегенді естігеніміз болмаса, көрген емеспіз” дейді. Шағымдарын айтып, сан рет сабылып, жауаптыларға барған. Бірақ, бірде-біреуіне нақты жауап берген басшылық болмапты. Тіпті, өткізген қайырымдылық акциясының шарапатын көрмедік деп отыр шулаған қауым.

Ырыскүл Тортаева, жеке көмекші: “Өзіміз қалтамыздан төлеп, апарып әкелеміз. Дәрі-дәрмек жетіспейді, берілмейді. Сосын медбикелер келіп қарамайды.”

Алайда, жергілікті билік өкілдері халықтың бұл уәжімен келіспейді. Айтуынша, мемлекеттен берілетін көмектен бөлек арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастыру арқылы көптеген қажеттерін жеткізіп отыр.

Сарыағаштың мүгедектері мемлекеттік көмектен қағылып жүр ме

Кеңес Халық, Сарыағаш аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: “Біз барынша жағдай жасап жатырмыз. Жөргек уақтылы беріледі. Төлемақы мен жәрдемақысын алып жатыр. Ал сапасына біз жауап бермейміз, оны тендер жеңіп алғандар біледі.”

Біздің түсірілім топ пен әкімшілік ғимаратының алдына жиналған жұртты көрген аудан басшылары бірден шулаған азаматтарды жеке қабылдауға кірісті. Шағымдарын тыңдап шыққан әкім “Қолдан келгенше көмек көрсетемін” деп, жарым жандарға уәде берді. Айта өтейік, бүгінде Сарыағаш ауданы бойынша 9713 мүгедек тұрады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz