//
Шымкентте тағы бір жерүсті өткелі пайдалануға беріледі Жаңалықтар 

Шымкентте тағы бір жерүсті өткелі пайдалануға беріледі

Шымкентте 2017 жылы тағы бір жерүсті өткелі пайдалануға беріледі. Заманауи талапқа сай салынатын бұл нысанның іргетасы бүгінде толықтай құйылып қойған. Қазір жұмысшылар металл құрылымын жасап, бір ай ішінде құрылыс монтаж жұмыстарына кірісеміз деп отыр.

Шымкентте тағы бір жерүсті өткелі пайдалануға беріледі

Енді – 4.60, биіктігі – 5.60, ұзындығы – 90 метр болатын бұл нысанның құрылысы былтырғы тамыз айында басталыпты. Қазір өткелдің монолитті іргетасы толықтай құйылып бітті дейді құрылысшылар. Қыста баспалдақтар тайғақ болмас үшін жылыту жүйлері жүргізіледі, нысанда эскалатор да орнатылатын болады дейді мердігерлер.

Құрылысқа қаралған 217 млн теңге қалалық бюджеттен бөлініп отыр. Қазір мұнда 15 шақты жұмысшы еңбек етуде. Құрылысқа байланысты аз-кем қойлайсыздықтарға топ болып жатқан тұрғындар жерүсті өткелі пайдалануға берілсе, жол қозғалысы реттеліп, әсіресе оқушыларға жайлы болар еді деп үміттенеді.

Құрылысы өткен жылдың тамызында басталған нысан, бұйыртса, 2017 жылдың қараша айында пайдалануа беріледі. Кестеден кешікпей келе жатқан құрылысшылар жерүсті жолын дер кезінде тапсырамыз дейді. Нысан жол қозғалысы ретсіз аумақтағы жағдайды жүйеге келтіреді деген сенім басым.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz