//
"Үміт" мектеп-интернатының балалары жылу құралдарымен қамтылды Жаңалықтар 

“Үміт” мектеп-интернатының балалары жылу құралдарымен қамтылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өңірімізде игі істер жалғасын табуда. “Үміт” мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қонақтар жиі келеді. Мемлекет тарапынан қолдаудан бөлек жомарт жанды азаматтар мүмкіндігі шектеулі балаларды назардан тыс қалдырмаған. Шымкентте жақында ғана ашылған ғылыми-өндірістік орталықтың қызметкерлері балалардың жатын бөлмелеріне электр құралдарын орнатып берді. Аязды күндері ол артық етпейді дейді ересектер.

"Үміт" мектеп-интернатының балалары жылу құралдарымен қамтылды

Жанель Жұмалинова, “SIS” ғылыми-өндірістік орталықтың директоры: “Алғашқы жалақымыздың бір бөлігін мүмкіндігі шектеулі балаларға жұмсағанды жөн көрдік. Электрмен жылыту құралын сатып алдық. Жақында осында мерекелік іс шара ұйымдастырғанымызда мектеп-интернаттың басшысы өтініш жасаған болатын. Аса қамқорлықты талап ететін балаларға қолдау көрсетуді өз міндетімізге алдық.”

"Үміт" мектеп-интернатының балалары жылу құралдарымен қамтылды

Көру қабілеті нашар дамыған балаларға арналған “Үміт” мектеп-интернатында бүгінде өңіріміздің қала-аудандарынан 200-ге жуық бала тәрбиеленеді. Олардың әріп танып, есеп шығаруына осындағы педагогтар аянбай еңбек етуде. Сезімтал балалардың өмірге бейімделуіне, құрбы-құрдастары қатарлы білімді болуына арнайы көрнекі құралдар қажет дейді мұғалімдері.

Зейнеш Шалымбетова, “Үміт” мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі  меңгерушісі: “Ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлеріне балаларға жылыту құралдарын тарту еткеніне алғысымыз шексіз. Біздің балалар ерекше, оларға оқу әдістемелік көрнекі құралдары қажет. Егер көмектесемін деген кәсіпкерлер табылып жатса, біз оған тек қуанамыз!”

Айта кетейік, Брайль шрифті – зағип жандардың оқып-жазуына аса қажет құрал. Көзі көрмейтін жандарға арналған шрифтті 1824 жылы Луи Брайл 15 жасында ойлап тапқан болатын. Содан бері әлі күнге шейін бұл шрифтті бүкіл әлемнің зағиптары қолданып келеді.Ғылыми-өндірістік орталығындағылар интернатқа гранттық жобаға қатысып, арнайы әліппе әзірлеуге мүмкіндік алуға  қолдау көрсететін болды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz