//
Жаңалықтар 

Мемлекеттік баспанаға құжат қабылданады

Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Баспана кезегінде тұрғандар назарына! Шымкентте “Қазақстанның тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі” мен “Самұрық-Қазына” қоры тарапынан берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды.

“Тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі бойынша әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты, 216 пәтерлі үйге құжат 28-29 қараша күндері, ал “Самұрық-Қазына” қоры арқылы Тұран шағынауданы 321 пәтерлі үйге құжаттар 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданады.

Өтінімдердің “E-gov” порталы арқылы тіркелуін әр қатысушы өзінің электронды-санды қолтаңбасы арқылы қамтамасыз етеді. Құжат қабылдау бойынша кеңес халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде – Желтоқсан көшесі, 18-үй, №203 кабинетте беріледі.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz