//
Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді Жаңалықтар 

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында Оңтүстіктің өнер жұлдыздарының қатысуымен «Туған елге тағзым» атты қайырымдылық концерті өтті.

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Концертке еліміздің сахналарында өнер көрсетіп жүрген «Шаншар», «Алдараспан», «Нысана», «Шымкент-шоу» сатира театрларымен қатар облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, сондай-ақ, қазақ эстрадасына танымал Марат Омаров, Таңат Мамырханұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада Байпатшанова, Қанат Үмбетов сынды әншілер қатысып, жерлестеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Концерттен түскен 2 миллион теңге әлеуметтік жағдайы төмен, қоғамдық көмекті  аса қажет ететін 8 отбасыға 250 мың теңгеден үлестірілді. «Туған жерге тағзым» қайырымдылық шарасында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов барша қатысушы ордалы Оңтүстік өңірінің төл перзенттеріне алғысын білдірді.

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстағы барлық мәдени мекемелер мен мәдениет үйлерінің өнер қызметкерлері өңіріміздегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне тұрақты барып, арнайы қойылымдар мен іс-шаралар ұйымдастырып, балғындарды қуантуда.

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктің өнерпаздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz