Шымкенттің бірқатар аудандарында жөндеуге байланысты газ беру уақытша тоқтатылды

328
Табиғи газ

Табиғи газШымкентте Сәуле, Құрсай-1 және Құрсай-2 шағынаудандарында, Карл Маркс бөлімшесінде табиғи газ беру уақытша тоқтады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ өкілдері осылай деп хабарлайды. Бұған себеп – жоғары қысымды құбырдан газ шығып жатыр.

Осыған орай қалпына келтіру жұмысы аяқталғанша жоғарыда аталған шағынаудандарға көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды.

Жауапты мамандар жұмыстар 2016 жылдың 1 желтоқсаны күні аяқталып, сол күні газ беріле бастайды деп болжап отыр. Газдың қайта қосылу уақыты қосымша хабарланады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ өкілдері қолайсыздықтар үшін абоненттерден кешірім сұрайды.