//
Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданын аралады Жаңалықтар 

Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданын аралады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Бірқатар нысанда болып, аудан өмірінің тыныс-тіршілігімен танысты. Облыс әкімі, сондай-ақ, осы сапарында жұмысын жүйелей алмай отырған жергілікті әкім-қаралардың қызметін сынға алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданын аралады

Сарыағаш ауданында жаңа кітапхана ашылды. Оның ашылу салтанатына осы ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев та қатысты. Өңір басшысы кітапхананы аралап көріп, ұжымға компьютер сыйлады. Өз кезегінде кітапханашылар Жансейіт Қансейітұлына құрметті оқырман куәлігін сыйға тартты. Айта кетейік, бұл кітапхана 100 мың кітапқа шақталған. Әзірге мұнда 50 мың кітап бар.

Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданын аралады

Облыс әкімінің аудан активімен кездесуі осы кітапханада өтті. Жансейіт Түймебаев жергілікті билік өкілдерімен ауданның дамуындағы басым бағыттарды талқылады. Аудан әкімі Қ.Әбдуәлиев әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатындағы жобаларымен бөлісті.

Өңір басшысы білім, денсаулық сақтау, құқық бұзушылық бағыттарында да тиісті жұмыстар жүргізілмегендіктен, көрсеткіштердің төмен екенін атап өтті. Бұл ретте аталған салаларда жұмысты барынша жандандыру қажеттігін ескертті. Жергілікті полиция қызметіндегі кей кереғар тұстар да осында айтылмай қалмады.

Облыс әкімі шипалы суымен танымал ауданның санитарлық тазалығы пен ретсіз саудаға баса назар аудару керегіне тоқталды. Жансейіт Қансейітұлы бұған қоса айналаны көгалдандыру жұмыстарын да жандандыруды қадап көрсетті. Осынау түйткілдер тарқатылған жиында Жансейіт Түймебаев аудан басшысына олқылықтарды орнына келтіруді тапсырды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz