//
Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті Жаңалықтар 

Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Шымкентте облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Керімбай Қыстаубайдың «Таулардың тағдыры» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар қылқалам шеберінің көрмесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жиналғандарға ризашылығын білдірді.

– Бұл туындылар – ертеңіміз үшін ұмытылмас тарих. Қылқаламмен тарихымызды бейнелеп, бедерлеуде Қыстаубай Керімбайдың өнеріне тәнті болмасқа шара жоқ. Шығармашылығыңызға шалқар шабыт тілеймін! Бекзат өнердің бекзадасына айналыңыз,- деді облыс басшысы.

Оңтүстікте суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Көрменің мақсаты – жастардың салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға деген сүйіспеншілігін артырып, көркем шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру. Суретші шығармаларындағы сырлы бояулар өте нәзік те жұмсақ реңкпен үйлесімін тапқан. Автордың мінезіне тән жұмсақтық картинадағы бейнелерден де анық байқалады. Әсіресе, оның еліміздің  сұлу табиғаттары тақырыбындағы «Хан Тәңірі», «Алатау асулары», «Ақ қарлы Алатау», «Ауылым», «Күз сонатасы», «Балалық шаққа саяхат», «Тау шыңы», «Кемпірқосақ», «Аңызға саяхат» сынды туындылары айқындылығымен, композициялық ойларының тереңдігімен ерекшеленеді.  

Айта кетейік, Керімбай Ысаұлы бүгінде О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры қызметін атқарып келеді. Ол – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz