Алғыс айту күніне орай Созақта 100 отбасыға тегін киім таратылды

549
Алғыс айту күніне орай Созақта 100 отбасыға тегін киім таратылды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Созақ ауданында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бәрі рахмет үшін» акциясы өтті. Акция барысында аудан әкімі М.Исаев барша жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен 20 жанұяға 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады.

Бұған қоса акция аясында аз қамтамасыз етілген 100 отбасыға тегін 700 киім таратылып берілді.

Алғыс айту күніне орай Созақта 100 отбасыға тегін киім таратылды

Қалмырзаева Жеңіскүл, көп балалы ана: «Осындай игі істі ұйымдастырып отырған аудан басшылығына рахмет. Балаларымызға қажетті киімдерді алдық. Бұл акция жылда жалғасады деген үміттемін. Барлығына рахмет!»

Бұл акцияға аудандық мекемелер мен кәсіпкерлер белсене қатысқанын атап өту керек. Мұндай игі шара Созақ ауданында былтырдан бері жалғасып келеді.

Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі