Оңтүстікте «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркі іске қосылады

Бизнес үшін қолайлы бағалар. Енді кәсіпкерлер жалға алған ғимаратының шаршы метрі небәрі 240 теңге, электр қуатының әр киловатына 16 теңге, ал судың әр текше метріне 4 теңге төлей алады. «Атамекен – Ордабасы» индустириалды аймағында кәсіпкерлерге осындай тиімді жағдай жасалып отыр.

Тың жобаны облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Ордабасы индустриалды» аймағы қолға алған. Коммуналды төлемдерден өзге мұнда бастапқыда жалға беру құнына да жеңілдік жасалатын болады.

Шымкент шыны зауытының ғимараты енді бос тұрмайтын болады. Жуырда бұл аумақ бизнес алаңына айналады. Мұнда алуан салалы кәсіпорындар пайда болады. «Атамекен – Ордабасы» индустриалды аймағынан өз ісін ашқысы келетін кәсіпкерлерге тиімді ұсыныстар жасалып отыр. Осылайша Ордабасы индустриалды аймағы мен кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық іскерлерге жаңа мүмкіндер ашпақ.

Тимур Нақыпбеков, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Бұл жобалар кәсіпкерлерді қолжау үшін жасалуда. Әкімшілік кедергілермен күресуде оларға көмек көресетеміз. Инфрақұрылым дайын, алаң жеткілікті. Хирургиялық өңдеуден бастап медициналық құрал жабдықтарды стрильдеуге арналған заттарға дейін бар.»

Мұнда бақша жиһаздары да жасалуда. Шеберлер арнайы тапсырыстар қабылдап жатыр. Мәселен мына креслолар 20 мың теңге тұрады. Бұл тауарларларға қаладағы мейрамханалар тапсырыс беруде.

Жуырда индустриалды аумақта аяқ киімдер де тігіле бастайды деп күтілуде. Кәсіпкерлер шикізатты Түркиядан арнайы алдыртпақ. Дегенмен, тауарлар құны қолжетімді болады дейді кәсіпкерлер.

Мақпал Рысбаева