Нұрсұлтан Әбішұлы Шымкенттегі өндіріс орындарында болды

847
Нұрсұлтан Әбішұлы Шымкенттегі өндіріс орындарында болды

Оңтүстікке жасаған іс-сапары кезінде Елбасы терезеге арналған алюминий профиль шығаратын «Голд Алюминиум» компаниясымен жұмысымен де танысты. Президент ақпараттық стендтер мен экспозициялық макеттерді қарап, кәсіпорынның жұмыс жоспарын тыңдады.

«Өз өндірісімізді дамытып, шетелдік тауарларды алмастыру – ел экономикасындағы маңызды мақсаттың бірі» дейді мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев компания жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетейік, бұл өндіріс орны 2014 жылы «Индустриалау картасы» аясында ашылған. 2016 жылы 750 тонна өнім шығарған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Шымкенттегі өндіріс орындарында болды

Елбасының сапары қарқынды бау өсіру және жеміс-жидектерді сақтаумен айналысатын «Дала Фруйт» компаниясында жалғасты. Мемлекет басшысына облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері баяндалып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұсынылды. Мемлекеттік индустиралды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған серіктестікте бастапқыда 83 адам жұмыс істеген.

Нұрсұлтан Әбішұлы Шымкенттегі өндіріс орындарында болды

Бүгінде мұнда 277 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Жалпы көлемі 106 гектарды алып жатқан бауда 215 мың түптен астам жеміс ағашы егілген. Мұнда алманың шетелдік Гренни, Фуджи, Голден-делишес, шиенің Стенлей сұрыптарын кездестіруге болады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Шымкенттегі өндіріс орындарында болды

Серіктестік өз өнімінің көбеюіне байланысты жиналған тауарды ұзақ уақыт сақтауды қолға алған. Биыл ауа температурасын реттеу жүйесі бар 15 мың тонналық жаңа қойма іске қосылды. Шетелдік озық технологиямен жұмыс істейтін қойма жемістердің сапасы мен табиғилығын ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді.