Шымкентте алғаш рет түркиялық университеттердің көрмесі өтті

434

Шымкентте алғаш рет Түркия жоғары оқу орындарының көрмесі өтті. «Сәукеле» залында ұйымдастырылған көрмеде Анадолы елінің өкілдері күнгейлік жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жоғары оқу орындарының арасында мемлекеттік және жекеменшік университеттер де бар. Бұл іс-шараны облыстық кәсіпкерлік палатаның өкілдері ұйымдастырған. Ондағы мақсат – біздің түлектердің шетелде білім алып, тәжірибе алмасу мүмкндігін ұсыну.

Шымкентте алғаш рет түркиялық университеттердің көрмесі өтті

Мурсал Алиев, “Академия фаир” фирмасының өкілі: «Бұл – Шымкентке алғаш рет келуіміз. Көрмені де осы қаладан бастадық. Оқушылардың көп келуі бізді қуантты. Осы себепті де тағы келуді жоспарлап қойдық. Біздің жоғары оқу орындарының өкілдері өз жұмыстарын сәтті жүргізіп жатыр. Түлектер осындағы өздерін қызықтыра білген кез келген оқу орнына емтихан тапсыра алады».

Күнгейлік түлектердің Түркия университеттеріне қызығушылық танытқандары көп болды. Мұны осында жиналған оқушылардың қарасы көптігінен байқауға болады. Ұйымдастырушылардың көрмеге 2000-ға жуық мектеп бітірушінің қатысуын күтіп отыр. Арасында «шетелде оқимын» дегендері арнайы емтихан тапсырады. Егер 70 ұпайдан жоғары жинаса, ол оқушыға жеңілдіктер де қарастырылған.