Кәсіпкерлерге әлімжеттік жасап келген қарақшылар сотталды

561

Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында кәсіпкерлерге әлімжеттік жасап, қорқытып келген қарақшылар тобына сот үкімі шықты. Олар қорқытып-үркіту арқылы талай адамға зәбір көрсетіп келген. Сот үкімімен қылмыскерлер 16 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

Ұйымдасқан қылмысты топ 1 жыл бойы теңгесін сауда-саттық пен кәсіпорын өнімінен тауып жүрген талай жанды қан қақсатып келген. Кәсіпкерлерден ақша талап етіп, тіпті, олардың мүліктерін өздеріне меншіктеп алуға дейін барған. Бірақ, көп асқанға – бір тосқан дегендей, сот алдында жазасын алды.

Қылмысты топ мүшелерінің жасы – 25 пен 30 аралығында. Барлығы да Оңтүстіктің тумалары. Ресми құжаттарда екеуі – жеке кәсіпкер, ал қалған екеуі жұмыссыз деп көрсетілген. Бірақ, айыпталушы тараптың қорғаушылары сот үкімімен келіспей отыр. Облыстық соттың аппеляциялық алқасына шағымданамыз деп бекінді.

Жанар Есенбекова