Орманшылар мен өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы орман шаруашылығы мекемелері дала өртінің алдын алу бойынша оқу-жаттығуына жиналды. Сала мамандарының айтуынша өңірімізде 8 орман шаруашылығы мекемесі бар. Олар 3 млн гектар алқапқа жауапты.

Орманшылар мен өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

Жиынға келген мамандар тілсіз жаудың алдын алу, дала өрті бола қалған жағдайда көршілес аудандармен бірлесіп іс-қимыл жасау шараларын пысықтады. Айта кету керек, 2016 жылы облыс аумағында ірі 2 дала өрті тіркелген. Енді биылғы оқу-жаттығу облыстық табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу басқармасының бастауымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Нұрлан Күдерұлы