Жансейіт Түймебаев – 2016 жылдың үздік дипломат-елшісі

593

Түркістан қаласындағы өтіп жатқан «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды.

Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті.

Ал аймақ басшысы түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Айта кетейік, Түркістандағы «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен халықаралық түркі академиясының ұйымдастыруымен өтті.

Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған форумға Қазақстан, Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Түркия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі