Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика факультетінің түлектеріне жоғары оқу орнын бітіргені жөнінде дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Қаржыгерден бастап туризм саласының мамандары бүгінде нарықта сұранысқа ие.
Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындаған ұл-қаздар еңбегінің жемісін көруде. Айта кететін жайт, экономика факультетінде 50-ден астам түлек оқу орнын қызыл дипломға бітірген. Алда бірін магистратура күтіп тұрса, бірі теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек жолын бастауға құлшынып тұр. Ал ұстаздары шәкіртерінің өз орнын табатынына сенімді.