Беларусь дәрігерлері Шымкентте қабылдайдыКомпания жаңалығы 

Беларусь дәрігерлері Шымкентте қабылдайды

Шымкенттегі дәрігер Мауриньштің флебология және лазерьлі медицина клиникасында Беларусь дәрігерлерінің шеберлік-сабағы өтті. Осылайша шаһарға тәжірибе алмасу үшін жан-жақтан мамандар келуде. Олар тамыр ауруларын емдеудегі тәжірибелерімен бөліседі.

Беларусьтың бұл білікті дәрігерлері Шымкентке кезекті рет ат басын бұрып отыр. Дәрігер Мауриньштің флебология және лазерлі медицина клиникасында шетелдік танымал дәрігерлері Ольга Позднякова мен Павел Гавриннің шеберлік сабағы өтті. Шымкентке шақырылған флебологтар мұндағы жаңа құрылғылар әлемдік талаптарға сай келеді дейді.

Беларусь дәрігерлері Шымкентте қабылдайды

Павел Гаврин: «Әр клиникада өзінің мектебі, өзінің әдістері болатыны сияқты, бізде де, осында да өз білген-түйгендеріміз бар. Халықаралық дәрежеді тәжірибе алмасу деген де осы. Мен басқа емдеу мекемелерінде болғаным жоқ, бірақ, дәл мұндағы сияқты жаңа құрылғылар еш жерде жоқ деп айта аламын.»

Медицина ғылымы бір орында тұрмайды. Сондықтан, осындай кездесулер қазіргі таңда жиі ұйымдастырылуда. Флебология саласындағы жаңа әдістер мен жаңашылдықтарды іздеп, мұндай шеберлік сабақтарына Алматыдан да дәрігерлер келіпті.

Ерік Бұрымұүлов, Алматы қаласының флебологы: «Шынымды айтсам, мен осындай, европалық дәрежеді клиника пайда болғанын қуаныштымын. Алғашқы лазерлік құрылғылар Алматы мен Астанада іске қосылған. Енді, міне, Шымкентте де ашылып отыр. Мұнда науқастарды жақсы жағдайда емдейді.»

Бүгінде Шымкентте дәрігер Мауриньштің клиникасы — тамырдың кеңеюін халықаралық дәрежеде лазермен емдейтін республикадағы алғашқы мекеме. Лазерлі отадан кейін науқас 30 минуттан соң-ақ күнделікті қалпына келіп, дерті туралы ұмытып та кетеді. Таяуда бұл клиникаға Латвиядан дәрігерлер келмек. Содан кейін біздің мамандар тәжірибе алмасуға Беларусь пен Латвияға барады. Ең бастысы — бұл клиникада науқастарға тек операция кезінде ғана емес, одан кейін де күтінуге жағдай жасалған. Мұнда сапалы трикотажды компрессиалы киімдер сатып алуға болады.

Сонымен, беларусь мамандары Шымкентте науқастарды 29-шы шілдеге дейін қабылдайды. Клиниканың мекенжайы: Уәлиханов көшесі, 200/12-ғимарат.

№0110793 ДХ лиц. ОҚО ДСБ 21.12.16 ж берген

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz