Бір кеште 78 «түнгі көбелек» анықталды

1059
Бір кеште 78

Шымкент қаласында бір түнде жеңіл жүрісті 78 бойжеткен анықталды. Олар тәнін сатуды кәдімгі бизнес көзіне айналдырған түнгі көбелектер. Сонымен қатар адам саудасымен, жылы баспана беріумен, айналысқан жеңгетайлар да қолға түсті. Бұл рейдті облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілдері өткізген болатын. Полицейлермен бірге таңға дейін «Отырар» телеарнасының түсіру тобы да бірге жүрді.

Шымкент қаласында өткен «Притон» рейдтік іс-шарасы барысында жеңгетайлықтың 21 фактісі анықталды. Сонымен қатар жеңіл жүрісті 78 бойжеткен де қолға түсті. Бір айта кетерлігі, рейд кезінде жынойнақ ошақтарынан жігіттер де табылып жатты. Олар кенет тексеруді күтпесе керек, камерадан қашумен әлек болды.

Бір кеште 78 "түнгі көбелек" анықталды

Тәнін сатып, ақша табуды әдетке айналдырған, кез келгенмен қосылудан қысылмайтын қыздар да камерадан бет-жүзін алып қашуда. Бір анығы, түнгі көбелектердің көбісі Өзбекстан, Қырғызстаннан келген. Дегенмен, арасында шымкенттік бойжеткендер де бар. Оларды ұстауын ұстағанымен, полицейлер саусақ іздерін алып қана қояды. Нақты жазаға тартылмайтынын білгендіктен болар, түнгі көбелектердің арсыз тірлігі тыйылар емес. Ал бұл жолғы рейдте арнайы белгіленген ақшаны алған жеңгетайлар да анықталды.

Бір кеште 78 "түнгі көбелек" анықталды

Сонымен қатар рейд барысында полицейлер Шымкенттегі Республика даңғылының бойында өз пәтерін сағаттап жалға беріп жүрген азаматтарды да анықтады. Олар учаскелік полиция бөліміне жеткізілген болатын. Осы жерде азаматшалардың бірі тәртіп сақшыларын балағаттың астына алды.

Қалай болғанда да заңды бұзғандарға әкімшілік шара көрілуі мүмкін. Қазақстан заңнамасында үйін заңсыз жалға беретін тұлғаларға ірі сомада айыппұл кесу жазасы қарастырылған.

Нұртаза Сапар