Жүргізушілер назарына - Шымкентте ірі жол айырығы салынады

Шымкентте ірі жол айырығының құрылысы басталды. Осыған орай бүгін, 3 шілде түні Бекжан базарының қасындағы қиылыста көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізушілер назарына - Шымкентте ірі жол айырығы салынады

Темірлан тасжолы мен Ахунбабаев көшесінің қиылысынан 4 бағыттағы қозғалыс толық жабылады. Бұл қиылыс 2018 жылдың көктеміне дейін жабық болады.

Осыған орай Шымкент қаласының әкімдігі әуежай жаққа жол жүретін шаһар тұрғындары мен қонақтарына жолға алдын ала 2 сағат бұрын шығуды сұранады. Қала әкімдігі көлік жүргізушілеріне жолға шыққанда аса мұқият болуды ескертіп, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.