АНОНС Жаңалықтар 

«ҚазТрансГаз Аймақ» халыққа қарызын қайтарады

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының баспасөз қызметінде ел аймақтарында қанша тұтынушыға қанша ақшасы қайтарылатыны есептеліп жатқанын жариялады. Ақша абоненттердің жеке шоттарына аударылуы мүмкін.

Компанияның Қазақстан бойынша тұтынушылар алдындағы қарызы 270 млн теңгеге жеткен. Аталған қаражат қайтарылады. Оңтүстікқазақстандықтар алдындағы берешектің қанша екені есептеліп жатыр. Ақшаны қайтару жөніндегі шешімді Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау Комитетіндегілер қабылдаған.

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы тұтынушыларға қатысты түгендеу коэффициентін дұрыс есептемеген. Нәтижесінде, соттағы қарастырулардан соң, компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, халықтың ақшасын қайтарады және 13,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz