Балалар тағамы дүкені ашылдыКомпания жаңалығы 

Балалар тағамы дүкені ашылды

Шымкентте көтерме бағамен сатылатын балалар тағамы дүкені ашылды. Енді сәбиінің денсаулығына аса мән беретін ата-аналарға бала ағзасына пайдалы жасанды сүт, ботқадан бастап қажетті тауарларды ең арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Орталықта жас аналар мамандардың кеңесіне жүгініп, балалар дәрігерлерінің нұсқаулығы бойынша құнарлы тағамдарға қол жеткізе алады.

12 жылдан бері балалар тағамын сатумен айналысып келген Меруерт Кулимова бүгін жаңа дүкенінің тұсауын кесті. Жас аналардың көңілін тауып, олармен тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің бұл салада тәжірибесі мол. Содан болар, дүкеннің ашылу салтанатына келушілер көп болды. Қонақтар гүл шоқтарын ұсынып, серіктестері алғыс хаттарын табыстады.

Балалар тағамы дүкені ашылды

Шахноза Файзуллаева, қала тұрғыны: «Сәбиім туылғаннан осы Меруерт апайдан жасанды сүтті сатып алып жүрмін. Кеңестеріне рақмет. Міне, баламның дені сау болып өсіп келеміз.»

Сәния Сәдібекова, қала тұрғыны: «Меруерт апайға алғысым шексіз. Осы дүкеннің тұрақты клиентімін. Бағалары арзан, сыйлықтар беріп тұрады.»

Енді әлемге танымал «Нестле», «Хумана» компанияларының өнімдерін осы «Меруерт»дүкенінен ең төменгі бағамен сатып алуыңызға болады. Одан бөлек дүкен сөрелерінен жөргек, сулықтар мен бала ағзасына пайдалы ботқалардың түр-түрін табасыз. Сапасы мен мерзімінің жарамдылығына кепілдік береді. Жеңілдіктер де қарастырылған.

Балалар тағамы дүкені ашылды

Дүкеннің ашылу салтанаты барысында келушілерге түрлі ұтысты ойындары мен акциялар ұйымдастырылды. Алғашқы сатып алушыларға жеңілдіктер мен сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ, Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «детское питание Акбар» парақшасы арқылы кез келген тауар туралы толық мәлімет ала аласыз. Жас аналар батыр аналармен тәжірибе алмасып, дәрігерлердің кеңесіне жүгіне алады. Айта кетейік, дүкен демалыссыз жұмыс істейді.

Мекенжайы: Төле би көшесі, Акбар базары аялдамасы, «Заман» сауда орталығы, № 3 бутик.

Гүлжан Байназарова

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz