Беларусь дәрігерлері Шымкентте қабылдайдыКомпания жаңалығы 

Дәрігер Мауриньштің флебология және лазерлі медицина клиникасында шетелдік маманның шеберлік-сабағы өтті

Шымкенттегі дәрігер Мауриньштің флебология және лазерлі медицина клиникасында шетелдік маманның шеберлік-сабағы өтті. Латвиялық тамыр маманы Юрис Ритс өңірімізге тәжірибе алмасу үшін келген. Енді шетелдік маман 7-ші тамызға дейін Шымкентте болады.

Шымкент қаласының дәрігерлері латвиялық Юрис Ритстің семинарына жиналды. Күн тәртібінде қаралған басты мәселе — тамыр ауруларын лазерьмен емдеу әдістерін үйрену. Қаламызға бірінші рет келген хирург жаңа аппаратты және қала дәрігерлерін жоғары бағалап үлгерді.

Юрис Ритс, флеболог-дәрігер: «Дәл осындай емдеу мекемесі біздің Ригада да бар. Мұндағы дәрігерлер өте тәжірибелі. Алға қойған мақсаттары айқын. Олардың жұмысының халық үшін маңызы бар, Себебі, қазір адамдардың 50 пайызы тамыр ауруларымен күресуде. Ал осындай жоғары дәрежедегі емдеу мекемелері халыққа керек.»

Дәрігерлер бүгінде Қазақстан азаматтарының 30 пайызы варикозбен ауырады дейді. Кәдімгі қан ұйығының өзі ауыр жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Аманғали Омаров: «Қазіргі таңда адамдардың белсенділігі өте жоғары. Таңертең ерте тұрып жұмысқа кетеді. Содан кешке бір-ақ келеді. Ал осыдан кейін тамыр ауруы пайды болып, жүрекке, өкпеге өз әсерін тигізеді. Сондықтан варикоз ауруы қазір 1-орында тұр.»

Қала тұрғындары емдеу мекемесі дәрігерлерінің жұмысын жоғары бағалады. Дәл қойылған диагноз бен заманауи технологиялармен жабдықталған құрылғылардың көмегімен жақсы нәтиже береді дейді. Мауриньш атындағы емдеу мекемесінің болашағы зор деп отыр.

Гаухар Үкібаева, балалар ауруханасының бас дәрігері: «Қазір көп адамдарда медициналық сақтандыру пайда болса, елімізде тек таңдаулы емдеу мекемелерін қалары сөзсіз. Дәл осы емдеу мекемесі сондай сенімге лайық.»

Дәрігерлер заманауи технологияларды меңгеріп алып, болашақта лазерьлі операцияларды өткізетін болады. Жаңа «Леонарда Дуал» деп аталатын аппарат операциядан кейін жарты сағат ішінде науқасты бұрынғы қалпына қайта алып келеді. Енді Латвиялық дәрігер 7 тамызға дейін қабылдайды.

Дәрігер Мауриньштің флебология және лазерлі медицина клиникасының мекенжайы: Уәлиханов көшесі, 200/12.

№0110793 ДХ лиц. ОҚО денсаулық сақтау басқармасы 21.12.16 ж. берген

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz