АНОНС Жаңалықтар 

Ит-мысықтарды уақытша оқшаулау орны ашылды

Шымкенте қаңғыбас ит, мысықтарды уақытша оқшаулау орны ашылды. Сайрам тұрғын үй алабына қарасты Абдуллабат елді мекенінде орналасқан орында бір мезетте 300/400 ит ұстауға мүмкіндік бар. Осы уақыт ішінде егесі анықталмаған жағдайда үй жануарлары дәрімен ұйықтатылады және өртеледі.

Бүгінде мұнда 300-ге жуық ит бар. Оларды уақытша ұстау үшін қала бюджетінен 15 млн теңге қаражат бөлінген. Бір итті күтудің құны 1 721 теңгені құрайды екен. Енді иесі анықталмаған қаңғыбас иттер бұрынғыдай Беккер шұңқырына тасталмайды. Арнайы пеште өртеледі.

Шымкент қаласындағы қаңғыбас ит-мысықтардың көзін жою үшін жалпы бюджеттен 49 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері 23 мың ит ауланыпты. Бұған дейін қала көшелерінде қаңғып жүрген жануарлар арнайы мылтықтарман атылса, енді құрықпан ауланады. Әрине, ит аулайтын бригаданың жұмысы қиындаған.

Сала мамандарының айтуынша, уақытша оқшаулау орны қаладағы ит-мысықты ұстау қағидасына сай ашылған. Елімізде Астана мен Алматы қаласы осы тәжірибемен жұмыс жасауда.

Нұрлан Жаңабай

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz