Кентауда жүзу бассейнінің құрылысы аяқталуға жақын

597

Кентаулықтардың тұрмысы жақсарып келеді. Оған дәлел жөндеуден өткізіліп жатқан жолдар, абаттандырылған аулалар. Биыл қаладағы орталық саябақты күрделі жөндеу басталды. Сондай-ақ сақалды құрылысқа айнала бастаған жүзу бассейнінде де қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Жергілікті бюджеттен 300 млн-дай қаражат жұмсалған нысан тапсырылғаннан кейін кентаулық оқушылар Олимпиада чемпиондарының жетістіктерін қайталайды деген сенім бар.

Құрылысшылар жүзу бассейнінің құрылысына жыл басында кірісті. Көлемі 20х10 шағын бассейні кішкентайларға, жүзуді үйренетіндерге арналған. Биіктігі бір метрден сәл ғана асады. Ал мына үлкен бассейіннің көлемі 50х20 метр. Биіктігі екі жарым метр. Су мына құбырлардағы тетіктер арқылы толтырылады. Бассейн аумағында су жылытатын қуаттылығы 600 кВт қазандық та орнатылған. Құрылыста отандық өнімдер кеңінен пайдаланылуда.

Нысанға тапсырыс беруші Кентау қалалық құрылыс бөлімі. Секіретін мұнара алаңында теннис кордын салуға да ұсыныс беріпті. Енді кентаулық оқушылар жүзумен қатар, үлкен тенниспен айналысуға да мүмкіндік алады. Ал спорттың өзге түрімен айналысамын деген ұл-қыздар жабық ангарда дене шынықтыра алады. Кешенді нысан қыркүйекте тапсырылмақ. Кеншілер қаласының балалары аға буынның ізімен Олимпиада чемпиондарының жетістіктерін қайталайды деген сеніммен қайттық.