ОҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

714

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, дипломатиялық дәрежесі – атташе. Төрт тілді меңгерген.

Еңбек жолын 1983 жылы ҚазССР Ғылым академиясының сейсмология институтының инженері болып бастаған. 1992-2015 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жоғары бейіндік білім бөлімінің жетекші маманы, республикалық тест орталығы директорының орынбасары, халықаралық байланыс басқармасы бөлімінің бастығы, ұлттық мемлекеттік білім және тест орталығы мемлекеттік білім стандарттары басқармасының басшысы, ұлттық мемлекеттік білім және тест орталығы директорының орынбасары, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің бірінші хатшысы, ұлттық тест орталығының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2015 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Түркіменстандағы Қазақстан Республикасының елшілігінің кеңесшісі лауазымын еңбек еткен.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев