Талантты жастар байқауға қатысып, жеңілдікпен оқуға түстіКомпания жаңалығы 

Талантты жастар байқауға қатысып, жеңілдікпен оқуға түсті

Байқауға қатысып, жеңілдікпен оқуға түсу. Қазақстан инженерлі-педегогикалық халықтар достығы университетінің ұжымы білімді және талантты түлектер үшін осындай мүмкіндік жасап отыр. Жастардың ғылыми және шығармашылық әуелетін қолдау үшін түрлі сайыстар ұйымдастырып, үздік шыққандарға арнайы жеңілдіктер ұсынуда.

Бұл жолғы сайыстың жөні бөлек. Өйткені тек Шымкент қаласы мен аудандардан ғана емес, Астана, Қызылорда, Тараздан келген мектеп түлектері де қатысты. Оқушылар «Грант үшін сайыс» атты интеллектуалды телеойында өз қабілеттерін сынға салды. Биология, тарих, тіл білімі, экономика және құқық пен шығармашылық пәндер бағыттары бойынша өз білімдерін саралады.

Бірнеше кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өткен Гаухар Орақбай 50 пайыздық жеңілдікке ие болды. Мектепті өткен жылы бітіріп, оқу орнына түсе алмаған тараздық түлек мұны өзіне берілген үлкен мүмкіндік деп санайды.

«Қазақстан инженерлі-педегогикалық халықтар достығы университеті және БАҚ: жастардың ғылыми және шығармашылық әуелетін қолдау» атты форум аясында өткен интеллектуалды телеойын нәтижесі бойынша 43 жеңімпазға грант сертификаты табысталды. Оның бесеуі — 100, 14-і — 50, ал 24-і 30 пайыздық жеңілдікке ие болды. Оқу орнының басшылығы дарынды жастарға қолдауымызды аямай көрсетіп келеміз дейді.

Талантты жастар байқауға қатысып, жеңілдікпен оқуға түсті

Рабиға Қуатбекова, ҚИПХДУ ректоры: «Бұл жеңілдіктер 1 жылға жарамды. Ал егер түлек одан кейін де оқу үлгерімінде жақсы бағаларға ие болып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытса, яғни емтихандардың нәтижелері жақсы болып жатса, олар 4 жыл бойы да тегін оқуға мүмкіндік алады».

31 мамандық бойынша оқытатын білім ордасының түлектер үшін есігі айқара ашық. Мұнда бұған қоса оқу үздіктері мен спортшылар және мүмкіндігі шетеулі жандар үшін де түрді жеңілдіктер мен барлық жағдай жасалған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz