Ахметжан Есімов «Отырар-ТВ» телеарнасын марапаттады

404

ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін ұйымдастырушылар «Отырар-ТВ» теларнасын марапаттады. Айта кетейік, «Отырар-ТВ» – осындай марапат алған Оңтүстіктегі жалғыз телеарна.

Көрменің жабылу салтанатында ЭКСПО-2017 – Болашақтың энериясы көрмесінің өкілдері телеарна өкілдеріне EXPO-2017 медалін табыстады. Ал «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов «Отырар-ТВ» телеарнасының директоры Валентина Куликованың атына алғыс хат жолдады.

Алғыс хатта Ахметжан Есімов халықаралық көрмеде жасалған жұмыстар аясында ақпараттық қызмет көрсеткені үшін телекомпанияның ұжымына ризашылдығын білдіріп, телеарнада көрсетілген сюжеттердің сапасына жоғары баға берген.

Айта кетейік, халықаралық көрменің жабылу салтанатында Алматы, Қарағанды және Астана қаласының телеарналары да марапатталды.