АНОНС Жаңалықтар 

Күнгейдің жасыл белдеуі ұлғайтылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы жұмысшы топ Астана қаласы маңындағы жасыл аймақтың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуда. Топ жетекшісі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ильяс Құрамысов бастаған топ елордадағы Жасыл белдеудегі орман тұқымбағында қолданылып жатқан озық технологиялардың жұмысымен танысты. Мұнда тамшылатып суғару әдісімен  жыл сайын 10 млн түп ағаш көшеттері  өсірілуде. Яғни жасыл белдеудің көлемі әр жылы 15 мың гектарға ұлғайып отырады деген сөз.

Осы ретте, тәжірибе алмасып келетін жұмысшы топ Шымкент қаласы маңында құрылған 5064 гектар аумақты алып жатқан жасыл белдеуді осы озық технологиямен күтіп баптауды қолға алмақ.

Бұдан бөлек, қала маңындағы жасыл аймақта орман өсірудің озық әдістерін қолдана отырып, жаңа сортты ағаштар мен бұталар егіліп, біртұтас жасыл орманға айналдыру мақсатында жоспар құрылды.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қаланы жасыл аймаққа айналдыру үшін  19767 га  жер телімі  қаралған. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2017-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспары аясында қала маңындағы жасыл аймақ 10 мың  гектарға ұлғаятын болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz