Күнгейде «Ауыл жастарының форумы» өтті

718

Ауыл жастары үшін ұсынылған мемлекеттік бағдарламалар мен мол мүмкіндіктер, ондағы тиімді жеңілдіктер, елді мекендегі жастолқынның бос уақытын тиімді пайдалануы және кәсіпкерлік саласының өркендеуі. Осы және өзге де өзекті тақырыптар күнгейлік жастолқын жиналған кезекті жиын -«Ауыл жастарының форумына» арқау болды.

Белсенді жастардың басқосуына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың өзі келіп, келелі мәселелерді қаузады. Атқарылған  жұмыстарды да марқая айтып, саралады. Ал жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы Нарбекова өз сөзінде қазіргі уақытта ауылдағы жастардың жағдайы анағұрлым жақсарғанын жеткізді. Сөзіне сенсек, бүгінде шалғайға баруға, қызмет жасауға құлықты жастардың қатары анағұрлым артқан.

Балмаржан Нарбекова, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы: «Қазіргі уақытта ауыл-аудандағы жастардың көбіне техникалық және кәсіптік мамандықтарды меңгеруі қуантады. Қоғам сұранысына ие салалар ақылы елді мекендердің гүлденіп, әлеуметтік жағдайы жақсаратынына сенім мол. Яғни, Елбасымыз Н.Әбішұлының ұсынған мемлекеттік бағдарлама-жобаларының осы мақсатта жүзеге асуы да заңды! Осы орайда,  еліміздің ертеңі үшін бүгіннен бастап еңбек етіп, мейлінше үлесін қосып жүрген ауылдағы жастарға тек іске сәт дегім келеді! «Игі бастама аясында, өңіріміздегі жастар саясатының жүзеге асуына сеп болып жүрген, көшбасшы, үздік деп танылған жастар марапатталды. Арнайы алғыс хат тапсырылды. Бір емес, 15 бірдей арнайы  номинациялар арасында «Жас ауыл жанашыры»,»Ең жас ауыл кәсіпкері», «Жас агроном» және «Ең жас механизатор» мен «Жас мұғалім» сынды мәртебелі аталымдар бар. Ал «Ең жас ветеринар» деп Созақ ауданының жас еңбеккері Аманәлі Еркебұлан танылды. «Жоғарғы оқу орнын тәмамдай сала, өз ауданыма жол тарттым. Жасымнан ауылда төрт түлік малды бағып өскен соң шығар, осы жұмыс жаныма жақын. Қазір Шолаққорғанда ветеринар болып жұмыс жасаймын. Жалақым әзірге 68 мың теңге. Әрине, әр шаруаның өзіндік қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Менің ойымша, жауапкершілікті бәрінен жоғары қойғанда ғана, кез келген қиындықты емін-еркін еңсеруге болады. Білесіздер ме?! Өзім осы сала арқылы елімнің экономикалық дамуына үлес қосып жүрмін деп есептеймін. Себебі қазір жергілікті ет өнімдері ел аумағында ғана емес, шетелге де экспортталып жатыр. Сапалы өнім – Мемлекетіміздің нарығы үшін ауадай қажет!», – дейді жас маман  Аманәлі Ақбергенұлы.Басқосу барысында ауыл-ауданнан арнайы келген жастар көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салып, жауап алуына да мүмкіндік алды. Сондай-ақ, форуымның соңында «Ауыл жастарын қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі құрылатыны жөнінде ұсыныстар айтылып, үндеу жолданды.