АНОНС Жаңалықтар 

ОҚО-да «ЭКСПО-2017» көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицейлер марапатталды

Жуырда ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов салтанатты жағдайда Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтаған полиция қызметкерлерін марапаттады. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде адал қызмет атқарғаны үшін 9 тәртіп сақшысына ҚР ІІМ «Алғыс хаттары» мен «Құрмет» грамотасы тапсырылды.

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы, полиция подполковнигі А.Бекмырзаевқа «Полиция полковнигі» атағы берілді. Ал Жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.Абдраманов «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов өз атынан «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен 26 полиция қызметкерін марапаттады. 17 полиция қызметкерінің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.

Ішкі істер органдары ардагерлерінің жас қызметкерлерді идеялық-патриотттық тәрбиелеуде қосқан үлесі мен құқық тәртібін нығайтуға және қамтамасыз етуге Ішкі істер органдарына белсенді көмек көрсеткені үшін 10 ауған соғысының ардагерлерін «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz