Жаңалықтар 

Шымкентте арзан дәріхана ашылды

Шымкентте «Садыхан» дәріханалар желісінің жаңа орталығы ашылды. Енді мұнда дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды төмен бағада сатып алуға болады.

«Садыхан» дәріханалар желісінің жаңа орталығы қала тұрғындары үшін жұмысын бастады. Мұнда жанына шипа іздеген жандар өзіне қажеттісін алысқа бармай-ақ дәріханадан сатып алуына болады. Мұндағы дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылардың бағасы төмен, әрі сапасы жақсы.

Оксана Журавлева, «Садыхан Фарм Лидер» ЖШС-нің директоры: «Біздің дәріханадағы дәрілердің барлығы тіркеуден өткен. Ал, бағасы төмен. Біз тауардың бағасын халықтың қалтасына қарай жеңілдетіп қоямыз. Тіпті арзан бағадағы тауарларымызды тұрғындар өзге де дәріханалармен салыстырып көрсе болады. Біз бұған кепілдік бере аламыз.»

Жаңа орталықтың басшысы айтқандай, дәріхананың ашылу салтанатында қала тұрғындары мұндағы тауардың сапасын бағалай алды. Сондай-ақ сізге қажетті дәріні таңдауда фармацевттер көмектеседі.

Айта кетейік, «Садыхан» дәріханасына енді әлеуметтік желі арқылы да тапсырып беруге болады. Бұл үшін интернет дүкені жұмыс істемек. Осының арқасында саулығыңызға қажетті дәріні мамандар үйіңізге әкеліп береді.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Шымкентте арзан дәріхана ашылды"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Мекен жайы жоқ, қалай білеміз?

wpDiscuz