«Ән тербеген Сарыағаш» байқауы өтті

788

Сарыағаш аудандық мəдениет үйінде «Əн тербеген Сарыағаш» атты облыстық сазгерлер арасындағы байқауы өтті. Саялы Сарыағаш өңірін дәріптеуге арналған байқау екі жыл сайын дəстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 

Бүгінге дейін Сарыағаш ауданы жайында 80-ге жуық əндер қоры жинақталса, биылғы жылғы көрсеткіш жаңа 15 əнмен толықты. Өнер додасында облыстың аудан, қалаларындағы 15 сазгердің əндері орындалып, жылдың үздік əні анықталды. «Ән тербеген Сарыағаш» облыстық сазгерлер байқауында бас жүлдеге Шардара қаласынан «Сарыағашым-сағынышым» әнімен Ағабек Донбаев лайық деп танылды.

Бірінші орынға Сарыағаш ауданынан Мейрамбек Тұяқбаев «Сарығашым менің» әнімен ие болса, екінші орын шымкенттік сазгер Мұхит Қасқырбаевқа «Саялы Сарыағашым» әнімен берілді.