Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін дүниежүзілік пошта күніне орай «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы баспасөзге жазылу науқанын ұйымдастырды. Атаулы шараға облыстық газеттерден бөлек аудандық газеттер де атсалысты. Жазылым күніне орай өздерінің сүйікті газеттеріне жазылуға келген оқырмандардың қарасы қалың болды.
Өзекті тақырып. Шынайы ақпар… «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің басты ұстанымы да осы. Сондықтан оқырманы да көп. Айтулы датаға орай ұйымдастырылған шарада екі газетке де жазылушылардың қатары көп болды. Әрі апта сайын асыға күтетін газеттеріне жазылып, әрі сыйлыққа ие болды. Бұл жолы газетке жазылған оқырмандарға «Зерде» компаниясы өзінің фито-шәйларын ұсынды.
Әбутәліп Серімбетов, қала тұрғыны: «Соңғы 10 жыл ішінде «Оңтүстік Рабат» газетіне жазылып жүрмін. Бұл газетте оңтүстіктің, республиканың жаңалықтары, жақсы көңілге қонарлық мақалалар бар. Өмірдің өзгеріп жатқан барлық өзгерістерді табуға болады. Барлықтарыңызды бүгінгі почталық жұмысшылардың күнімен құттықтаймын, барлықтарыңыз газетке жазылып пошта қызметкерлеріне құрмет көрсетуге шақырамын».
Шараның негізгі көздеген мақсаты мерзімді басылымдарды таныстыру және оқырман мен редакция арасындағы байланысты арттыру болып табылады. Негізгі ұстаным орындалғандай да. Өйткені газетке жазылуға құмбылдардың қарасы аз болған жоқ. Сондай-ақ, балалар арасында пошта күніне орай ұйымдастырылған сурет салу байқауында жеңімпаз атанғандар шара аясында марапатқа ие болды.
Майра Исаева, «Қазпошта» АҚ ОҚОФ мерзімді баспасөзге жазылым бөлімінің басшысы: «Бүгінгі дүниежүзілік пошта күнімен құттықтаймын. 2018 жылға жазылым науқаны басталды. Барлықтарыңызды жазылымға шақырамын. Жазылым бағасы былтырғыдай, бағасы қымбаттаған жоқ. Жазылымды үйде отырып-ақ жазылуға болады. Ол үшін «Қазпоштаның» «ПостМаркет.кз» сайтына тіркеліп жазылуға болады».
Ұлданай Елші, қала тұрғыны: «Оңтүстік Рабат» газетіне жазылып, үнемі оқып тұрамыз. Өзекті мәселелер, талқылауға тұрарлық мақалалары қатты ұнайды. Бүгін жазылушылар күніне орай осында келіп туысқандарымызды газетке жаздырдық. Газет ұжымына алғысымыз шексіз».
Ғаламтор үстемдік құрып тұрған кезеңде көзіқарақты оқырман бәрібір газет-журналдан қол үзбек емес. Қай заман, қай кезең болсын газеттің бәсі жоғары…