Шымкент тұрғыны үйіне келген қонақты пышақтап тастады

429

Шымкентте жасы қырықтар шамасындағы ер азамат үйіне келген қонақты пышақтап тастады. Жәбірленуші бірнеше жерінен ауыр жарақат алған.

Оқыс оқиға Шымкенттегі 18-шағынаудандағы көп қабатты үйлердің маңында түнгі сағат 12 шамасында болған. Кешкі уақытта егде жастағы ер адам әйелімен досының үйіне қонаққа келген. Дастархан басына жиналғандар арақ ішіп отырады.

Куәгерлердің айтуынша, екі ер кісінің әңгімесі жараспай, жаға жыртысып қалған. Кейін жұдырықтасқан азаматтар көшеге шығып төбелеседі. Осы уақытта үйдің қожайыны қонаққа келген азаматтың  арқасынан бірнеше рет пышақ салған.

Оқиға орнына келген полицейлер қонағын пышақтап тастаған азаматты Еңбекші полиция бөліміне алып кетті. Ал ауыр жарақат алған азаматты жедел жәрде қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Қазір осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.