Шымкентте пойыз бен жүк көлігі соқтығысты

402

Жол-көлік оқиғасы кеше кешкісін Қаратау ауданындағы цемент зауытына жақын маңда орын алған. Хово жүк көлігі темір үйіндісіне айналды. Электровозбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісін құтқарушылар кабина есігін кесіп шығарып алуға мәжбүр болды. Электровоз рельстен шығып кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова: «4 қазан күні сағат 15:56-де Шымкенттегі «Қызылсай – Қазығұрт» өткелінде жүк көлігі мен электровоз соқтығысқан. Салдарынан жүк көлігінің 47 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел құтқару отряды гидравликалық құралдың көмегімен жүргізушіні алып шығып, «Жедел жәрдемге» тапсырды. Электровоздың машинисіне де жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Бірақ ол ауруханаға барудан бас тартты», – деді.