Шымкентте жаңа дәріхана ашылды

1082
Шымкентте жаңа дәріхана ашылды

Шымкенте арзан бағада дәрі-дәрмек сатылатын жаңа дәріхана ашылды. Мұнда препараттың мыңнан астам түрі бар. Тұтынушылар енді өзіне қажет дәрі-дәрмек үшін ұзын-сонар кезекте тұрмайды, фармацевт керек дәрісін компьютер арқылы енгізіп, құрылығының көмегімен 10-15 секундта алып береді.

Шымкентте қала тұрғындары үшін жаңа дәріхана өз жұмысын бастады. Жанына шипа іздеген жандар өзіне қажеттісін алысқа бармай-ақ осында келіп сатып алуына болады. Мұндағы дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылардың бағасы төмен әрі сапасы жақсы.

Салтанат Сапарова, «Долголет» дәріханалар желісінің меңгерушісі: «Біздің дәріханада 10 мыңнан аса дәрі түрі сатылады. Препарттар, түрлі дәрілік шөптері және медициналық құрылғылар бар. Сондай-ақ, балаларға арналған жөргектің мол түрі сатылымға қойылған. Біз тауардың бағасын халықтың қалтасына қарай жеңілдетіп қоямыз. Тіпті арзан бағадағы тауарларымызды тұрғындар өзге де дәріханалармен салыстырып көрсе болады. Біз бұған кепілдік бере аламыз.»

Орталықтың басшысы алғашқы күннен-ақ мұндағы дәрілердің сапасын халықтың бағалауына ұсынып отыр. Препаратты таңдауға білікті фармацевт мамандар көмектеседі. Мұнда саулығына салғырт қарамайтындар үшін таңдау көп.

Айта кетейік, еміңізге қажет дәріні сіз жаңа орталықтағы фармацевтерге телефон арқылы хабарласып, таңдай аласыз. Бұл үшін 53-39-84 немесе 51-20-71 нөміріне хабарласыңыз. Арзан бағадағы дәріханалар желісі қаладағы екі нүктеде жұмыс істейді. Оның бірі Алдияров көшесіндегі №6 аурухана маңында, ал екіншісі Қазыбек би көшесінде орналасқан.

Лаура Нахыпқызы