Шымкент зообағында Тоқтар Төлешовтың асыл тұқымды тұлпарын соғым етіп, ет күйінде сатуға мәжбүр болды. Сәйгүлік Төлешовтың мүлкін тәркілеуден соң зообаққа әкелінген болатын. Хайуанаттар бағының қызметкерлерінің жіті бақылуының болмағанынан тұлпар жарақат алған.
Зообақ директорының орынбасары Зульфия Ганиеваның айтуынша, қатты дыбыстан шошыған жылқы металл қораға қыстырылып қалуы әбден мүмкін. Өз бетімен шығам дегенде аяғын сындырған. Бұл уақытта зообақ қызметкерлері жанында болмапты.
Соның салдарынан пышаққа ілінген жылқы еті зообақ қызметкерлеріне сатылды. Басшылықтың айтуынша, еттің 1 келісі мың теңгеден төмен бағаланған. Жарақат алған тағы бір араб тұлпарының етке өткізілетіні не өткізілмейтіні әзірге белгісіз.